Басты бетЖаңалықтарАлматыда үнді...

Алматыда үнді фильмі түсіріліп жатыр

«Khushi Motion Pictures» Bollywood компаниялар тобы еліміздегі «Қазақфильмнің» қатысуымен «Өз отбасыңды сүй» («Love you family») жобасының түсіріп жатыр.

«ҚазТуризм» өкілі Марина Куртайдың айтуынша, фильм Ресей немесе Германияда түсірілуі мүмкін еді. Алайда, үндістандық қонақтарды Қазақстанның таулары тамсандырған.

«Картинаның продюсері біздің тауларды Кашмир тауларымен теңестірді. Ол кей эпизодтарды Кашмир тауларында түсірмек болған. Бірақ қазір барлығын Алматыда түсіруді шешті. Мұндай жобалар халықаралық аренада еліміз үшін жақсы жарнама болады деп ойлаймын», — деді Марина Куртай.

Фильмнің жартысы Үндістан мен Таиландта түсіріліп қойған, оның соңғы бөлімі Алматыда жалғасады. Еліміздегі эпизодқа картинада 30 минут бөлінген. Түсірілім Республика алаңында, Шымбұлақ пен Көктөбеде өтетін болады.

Кинокартинаға белгілі үндістандық актёрлар Пардасани Акша Сунил мен Джоши Маной Наванет түсіп жатыр.

 

ДереккөзҚазАқпарат