Басты бет Жаңалықтар Коронавирус тараған елдерде Қазақстанның 95 мың азаматы бар

Коронавирус тараған елдерде Қазақстанның 95 мың азаматы бар

Коронавирус инфекциясы енген елдерде Қазақстанның 95 мыңнан астам азаматы бар.

Фото: Ria.ru

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты.

Оның 35 мыңнан астамы Оңтүстік Кореяда, АҚШ-та 40 мыңнан астам, Біріккен Араб Әмірліктерінде 5 100, Германияда 5 мың, Ұлыбританияда 3 мың, Италияда 1 800, Францияда 1 000 азаматымыз бар. Олардың дені — студенттер, еңбек мигранттары, шекара мекемелерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, туристер мен бизнесмендер, — деп хабарлады Мұхтар Тілеуберді Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, эпидемиология ахуалы нашарлаған жағдайда Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін қарастырады. Әзірше шетелде коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматтары жоқ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version