Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты.
Оның 35 мыңнан астамы Оңтүстік Кореяда, АҚШ-та 40 мыңнан астам, Біріккен Араб Әмірліктерінде 5 100, Германияда 5 мың, Ұлыбританияда 3 мың, Италияда 1 800, Францияда 1 000 азаматымыз бар. Олардың дені — студенттер, еңбек мигранттары, шекара мекемелерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, туристер мен бизнесмендер, — деп хабарлады Мұхтар Тілеуберді Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, эпидемиология ахуалы нашарлаған жағдайда Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін қарастырады. Әзірше шетелде коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматтары жоқ.