Басты бетЖаңалықтарПрезидент Қазақстан...

Президент Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы белгілеген бұл мейрам — өзара құрмет пен сенімнің, мейірім мен ізгіліктің мерекесі.

Қазақ жұрты қиын-қыстау кезеңде амалсыз қоныс аударған миллиондаған адамның құтты мекеніне айналды. Олардың өзі де, ұрпақтары да жерімізден пана тауып, өсіп-өніп, Қазақстанның дамуына зор үлес қосты.

Бұл күні біз елді өркендететін тату тіршілік пен жарасымды сыйластық жолындағы ниетіміздің тоғысқаны үшін бір-бірімізге алғыс айтамыз.

Тәуелсіздік кезеңіндегі табыстарға береке-бірліктің арқасында ғана қол жеткіздік. Бұл — егемен еліміздің баға жетпес байлығы.

Сондықтан бұл қастерлі құндылықтар әрдайым айнымас темірқазығымыз болып қала береді. Ішкі саяси тұрақтылық — әрбір қазақстандықтың зор жауапкершілік пен белсенділік танытуының нәтижесі.

Еліміздің барлық азаматына Қазақстанды дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Әр отбасына амандық пен игілік тілеймін!