Басты бет Жаңалықтар Коронавирус қаупі: Президент жан-жақты шара қабылдауды тапсырды

Коронавирус қаупі: Президент жан-жақты шара қабылдауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының дүниежүзіне таралуына қатысты мәлімдеме жасап, Қазақстан Үкіметіне тапсырма берді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Аkorda.kz

Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдауды тапсырдым, — деп жазды Президент Twitter-де.

Соңғы мәлімет бойынша Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 78 мыңнан асты. Оның 2 788-і қайтыс болды. Вирус жұқтырғандардың 36 мыңнан астамы ауруханадан айығып шықты. Қазір эпидемия Еуропада тарала бастады. Коронавирус дүниежүзі бойынша барлығы 46 елде таралып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version