Қазақстан әлемдік жемқорлық рейтингінде 17 орынға көтерілді

Осы уақытқа дейін жемқорлыққа қатысты бес мың оқиға анықталған. Оның 10%-ы – аса ауыр қылмыстар. Қазір елімізде жемқорлықты азайтуға бағытталған 59 заң қолданыста. Соның нәтижесінде, 2016 жылдың тоғыз айы ішінде Алматыда жемқорлық әрекеттері үшін 871 лауазым иесі жауапқа тартылды.

«Біздің елде жемқорлық деңгейі тым биік болғандықтан, біз әлем бойынша 123 орынды иеленіп отырмыз. Алайда, жүргізіліп жатқан жемқорлықпен күрес саясаты арқасында 2014 – 2016 жылдарда біз 17 орынға көтерілдік. Заң бұзушылық әкімшіліктерде де бар. Жемқорлықтың ең төменгі деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында. Алматы әкімшілігі құрамындағы жемқорлық жайлаған бағыт – тұрғын үй құрылысы», — деді Әлік Шпекбаев.

Алматы әкімі Бауыржан Бәйбек қалада жемқорлықпен күрес жұмыстарының белсенді жүріп жатқанын мәлімдеді. Ол Алматы көшелерінде 700 бейнекамераның орнатылып, жүйенің тиімділігін арттыру үшін қосымша жабдық алу қажеттігін айтты. Қала бойынша 4 миллиард теңге көлемінде айыппұл жиналған.

Дереккөзtoday.kz