Қайрат Нұртас көлік апатына түсті

Оқиға 30 қазаннан 31-не қараған түні орын алған. Апат себептері әзірге белгісіз.

«Иә, расында Қайрат көлік апатына ұшырады, тура осы көлікте. Бірақ аман. Аяқтарына сəл зақым келген, Алла қолдап əйтеуір сынбаған. Екі аяғын таңып алып, Қазалыда халыққа еш білдірмей əнін айтып кетті.Бəріңіз есітіп сұрап жатыр екенсіздер, инстаға кірсем халық уайымға салыныпты, сол себепті жауабымды беріп сіздерді уайымсыз болсын деп жазып отырмын. Əуелі Аллаға сонан соң тілеуін тілеген сіздерге аналық жүрегіммен алғысым шексіз! Сіздердің əрбір дұғаларыңыз Алланың құлағына шалынып, Қайраттарыңыз осындай апаттан тағы да аман қалды.Меніңде тілерім: əрбіріңіздің ұл-қыздарыңызға тек амандық, отбасыларыңызға қуаныш!» — деп жазды анасы.

Қайрат Нұртастың тыңдармандары әншінің денсаулығына алаңдап, тезірек жазылып кетуін тілеп жатыр.

Қайрат Нұртас, жол апаты

ДереккөзBaq.kz