Өскемен әуежайы маңында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады

Департаменттің мәліметінше, Ан-2 ұшағынан өрт шығып, оқыс қонған.

Санавиацияның Ан-2 ұшағы сағат 12.33-те Прапорщиково ауылы ауданында апатқа ұшырады. Бортта бес адам болды. Бәрі аман, — деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Ан-2 «Орлан 2000» әуе компаниясына тиесілі. Ол Өскеменнен Ақсуат елді мекеніне санитариялық тапсырмамен шыққан.

Сағат 12.50-де экипаж двигательге қатысты штаттан тыс жағдай болғанын хабарлады. Әуе көлігі командирі Өскемен әуежайынан 1,5 шақырымдағы ауданда мәжбүрлі қону туралы шешім қабылдаған, бортта бес адам болды, үшеуі — экипаж мүшесі, екеуі — жолаушы. Құрбан болғандар жоқ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің әуе апатын тергеу жөніндегі басқармасы оқиғаны тергеуге кірісті, — деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті ұшақтың двигателінен от шыққанын, содан кейін пилот көлікті аэродромнан тыс жерге қондыруға мәжбүр болғанын хабарлады.

Пилоттардың біреуіне медицина көмегі беріліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады, — деп хабарлады комитет мамандары.