Басты бет Жаңалықтар 26 ақпандағы ауа райы: қай өңірлерде күн жауын-шашынды болады?

26 ақпандағы ауа райы: қай өңірлерде күн жауын-шашынды болады?

Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын түседі. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында қолайсыз ауа райы жөнінде ескерту берілді. 

Иллюстрация: Dribbble.com/©Parallel Studio

«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, 26 ақпанда Жамбыл облысында кей жерде оңтүстік-батыстан және батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

https://www.youtube.com/watch?v=AvRQyqstv9E

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version