Басты бет Жаңалықтар Ақпанның 25-інде өңірлерде ауа райы қандай болады?

Ақпанның 25-інде өңірлерде ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамы бойынша жоғары қысым ықпалынан 25 ақпанда Қазақстанның көп бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, тұман түседі, жел күшейеді.

Фото: Yandex.com

Батыс пен солтүстікте жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау облыстарында тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы облысында кей жерде тұман түседі, Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version