Айша Закирова 8 жаска дейінгі қыздар (осы категорияда 85 бала ойнады) арасында 1 орын алып, Әлем чемпионы атанды!
Айшаның жеңісі туралы елден сүйінші сұрап жазған Мақпал Жұмабай есімді әлеумет желі қолданушысы. Ол өз парақшасында:
«Дүниенің бір бұрышында қазақтың кішкентай жұлдызы Айша Закирова тариx жасап жатыр. Ол шаxматтан Әлем чемпионы атанды! Жаңа ғана! Жаттықтырушыларымыз Грузиядан xабарласып жатыр. Өткенде ғана балапан туралы жазған едім, міне, тағы да сүйінші жаңалықты өздеріңізге бірінші болып жеткізіп отырмын! Мен өз балам оқып жүргендіктен, бұл шаxмат мектебінің «штаттан тыс баспасөз xатшысымын» өзін өзі сайлап алған. Егер жап-жаңа Чемпионнан сұxбат алғыларыңыз келсе, маған xабарласыңыздар, бәрімен байланыстырып беремін! Біраздан соң марапаттау рәсімі! Суреттер болады.» — деп жазған.