Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

ІІМ балансындағы оқ-дәріні жымқырған қызметкер сотталды

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2019 жылғы маусымда атыс қаруын жеткізудің заңсыз халықаралық арнасының жолын кескен.

Заңсыз айналымнан үш «Калашников» автоматы, үш гранатаатқыш, екі жауынгерлік граната, 14 тапанша, 1700-ден астам патрон мен қарудың басқа да керек-жарағы тәркіленді, — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Алматы облысы мен Алматыда тұратын 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органы қызметкерінің қылмысқа қатысу фактісі анықталған.

Лауазымды адам ҚР ІІМ балансында тұрған оқ-дәріні ұрлаған, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар ҰҚК мамандары қару құрастырумен айналысқан жасырын шеберхананың әрекетін де тоқтатқан.

2020 жылғы 27 қаңтарда Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version