Қасым-Жомарт Тоқаев: Дұрыс үгіт-насихат жүргізу қажет

Президент бас мүфтиді  жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау, дін арқылы азаматтарды келісім мен ынтымаққа шақыру, халыққа рухани бағдар беру мен теріс діни ағымдардың әрекеті жайында айтылды.

Халықты татулыққа, бірлікке, пәтуаға шақыру керек. Қазіргі кезде дүниежүзінде әртүрлі жат үдеріс пайда болып жатыр. Сондықтан бұған тыйым салып, жол бермеуге тиіспіз. Ел мүддесіне қызмет етіп, осы бағытта дұрыс үгіт-насихат жүргізу қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы ақпарат және ұйымдастыру жұмысы мен қайырымдылық шараларының жоспарын таныстырды. Басқарма жұмысы иман, отаншылдық, білім, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениет және әділдік сияқты жеті рухани қазыққа негізделмек.