Басты бет Мәдениет Драма азайғанымен көрермен көп: театралдар қай қалада?

Драма азайғанымен көрермен көп: театралдар қай қалада?

2019 жылы Қазақстанда 65 театр жұмыс істеді, оның 52-сі мемлекеттік, 13-і жекеменшік. 2018 жылы 68 театр болған.

Иллюстрация: Dribbble.com/© Marcus Williamson

Ranking.kz аналитиктерінің мәліметінше, 2019 жылы театрларда 16 600 спектакль қойылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,2% аз. Оның ішінде 343 қойылым — премьера. 2018 жылы жаңа қойылым саны 350 болған.

Былтыр көрермен драма театрларына (35), қуыршақ театрларына (12) және балалар мен жасөспірімдер театрларына (5) көп барған.

Театр қойылымдарына барлығы 2,9 миллион көрермен барған, бұл 2018 жылғыдан 3,9% көп. Көрерменнің 1,3 миллионы немесе 43,4%-і — бала.

Зерттеушілердің мәліметінше, еліміздің ең белсенді театрлардары мегаполистерде тұрады. Алматы театрларына 603,7 мың көрермен, Нұр-Сұлтанда 410,6 мың адам, Шымкентте 304 мың адам барған.

Театр

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version