Қазақстанда жәндік улайтын заттарды сатуға тыйым салынды

Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауатын қамтамасыз ету мақсатында және дезинсекция мен дератизация қызметінде қолданылатын улағыш заттардан улану жағдайларының тіркелуіне байланысты ҚР Мемлекеттік бас санитар дәрігерінің орынбасары Нұрқан Сәдуақасов 2020 жылдың 20 ақпанында «Санитариялық-профилактикалық шаралар жүргізу туралы» қаулысын шығарды.

Осылайша бүгіннен бастап қауіп деңгейі 1, 2, 3 класқа жататын дезинсекция және дератизация құралдарын халыққа сатуға тыйым салынды, — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

2018-2019 жылдары Ақтауда және Алматыда тұрғындар жәндіктер мен кеміргіштерді жоятын заттардан уланып, қайтыс болған еді.