Басты бет Жаңалықтар Алматы облысына жұмысқа баратын дәрігерлерге 126 пәтер беріледі

Алматы облысына жұмысқа баратын дәрігерлерге 126 пәтер беріледі

Алматы облысында биыл 3,8 миллиард теңгеге тоғыз дәрігерлік амбулатория мен медицина пункті салынады. Бірақ өңірде маман тапшы.

Амандық Баталов. Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тұрғындарға есеп берген облыс әкімі Амандық Баталов денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды айтты.

Өңірге 241 маман, оның ішінде сирек салаға маманданған 126 дәрігер жетпейді. Әкімнің айтуынша, кадр тапшылығы баспана мәселесіне байланысты. Сол себепті әкімдік облыстың аудан-қалаларына шақырылатын дәрігерлер үшін 126 пәтер сатып алғалы отыр. Бұл мақсатқа 756 миллион теңге жұмсалады.

Қазір 47 жас маман резидентурада аса тапшы мамандықтар бойынша білім жетілдіріп жатыр, тағы 36 студент әкімдік бөлген грант бойынша білім алған соң өңірге қызмет етуге келеді.

Алматы облысында қазір 10 мың тұрғынға бір жедел жәрдем бригадасы қызмет етеді. Сол себепті әкімдік бұл саланың автокөлігі мен бригадаларын көбейтпекші.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version