Басты бет Жаңалықтар Министрліктер үйінің жанында автобусқа «мина қойылды»

Министрліктер үйінің жанында автобусқа «мина қойылды»

Астанада Министрліктер үйінің алдында, Қонаев және Орынбор көшелерінің қиылысында «мина қойылды» деген хабарлама бойынша қоғамдық автобустардың бірі тоқтатылды, деп хабарлайды Tengrinews тiлшiсi.

Елордада түс мезгілінде ірі көшелердің қиылысында оқыс оқиға болды. Тәртіп сақшылары жол қозғалысын шектеп, қоғамдық автобустардың бірін қоршауға алды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қоршауға алынған автобусқа «мина қойылды» деген хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары ол ақпараттың расталмағанын айтып, жиылған жұртты таратып жіберді.

Оқиға орнынан хабар берген tengrinews.kz тілшісінің мәліметінше, полиция қызметкерлері №51 бағыттағы автобусты тоқтатып, барлық жолаушыларды сыртқа шығарған. Тексеру жұмыстары аяқталған соң ішінде кондукторы мен жүргізушісі қалған автобус белгісіз бағытта кетіп қалды.

Осы оқиға бойынша Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі әзірге мәлімет берген жоқ.

Еске салайық, Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінде елордада терроризмге қарсы күрес антитеррорлық жаттығулар жүргізіліп жатқаны хабарланған.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version