Руслан Күлекбаевтың соттағы соңғы сөзі

Сот талқылауының 4-ші күніндегі жарыссөзде сөз сөйлеген Күлекбаев қандай жазаға болсын көнетінін айтты.

«Мен не үшін жасағанымды айтайын? Жасаған ісімді мойындаймын. Мен бұл қылмысты, сіздер аға-бауырларыңыз, балаларыңыз қаза тапқанын айтып отырсыздар ғой. Олар да менің «сестраларымды», «бауырларымды» Аллаһтың заңынсыз қинаған, әділетсіз соттап, семьясынан бөліп тастады. Мен сол себептен осыны жасадым», деді Күлекбаев.

Күлекбаев өз сөзінде діни уағыз айта бастап еді Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов оны тоқтатып тастады.

«Маған қандай жаза қолданып жатыр, өлім жазасы болсын, мәңгілік отырғызу жазасы болсын иншаллаһ сабыр етемін. Маған қолданған заң әсер етпейді. Аллаһ жаратқан шыбын шақса әсер етеді, қалғаны сөз», — деді ол.

Еске сала кетейік, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. 26 жастағы Руслан Күлекбаевқа теракті жасады, күш құрылымдарының сегіз қызметкері мен екі бейбіт тұрғынды өлтірді және үш адамды өлтіруге оқталды деген айып тағылған.

ДереккөзҚазАқпарат