Ауа райы: оңтүстіктен басқа өңірлер жауын-шашынды

«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерде бұрқасын соғады, тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Қызылорда облысында кей жерде көктайғақ болады.

Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Павлодар облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, Жамбыл облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.