Басты бет Жаңалықтар Қазақстан азаматтары коронавирус жұқтырғандармен бір кемеде отыр

Қазақстан азаматтары коронавирус жұқтырғандармен бір кемеде отыр

Жапония жағалауында коронавирусқа байланысты карантинге жабылған Diamond Princess круиз лайнерінде Қазақстанның төрт азаматы бар. Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты. 

Diamond Princess лайнері. Фото: Afp.com/Charly Triballeau

Жапония жағалауында тұрған Diamond Princess круиз лайнерінде 50 елдің 3 700 азаматы карантинге оқшауланды. Коронавирус жұқтырудың 174 жағдайы расталды. Лайнерде Қазақстанның төрт азаматы бар. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, сынамаларына лабораториялық зерттеу жүргізіліп жатыр, — деді ресми өкіл.

Лайнердегі карантин 19 ақпанда аяқталады.

Халықаралық ақпарат агенттіктерінің мәліметіне қарағанда 5 ақпанда круиз көлігіндегі бір адамнан (Қытайдың Гонконгының азаматы) коронавирус анықталған. Содан бері лайнер карантинге жабылды. 3 күннен соң қауіпті вирусты 70 жолаушы жұқтырғаны белгілі болды, 10 ақпанда ауру жұқтырғандардың қатары 130-ға жетті.

Diamond Princess Иокогамадан сапарға 20 қаңтарда шығып, 3 ақпанда портқа оралған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version