Басты бетЖаңалықтарСыбайлас жемқоры...

Сыбайлас жемқоры көп бес министрлік анықталды

Департамент басшысының мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа бейім салаларды анықтау бойынша 2019 жылғы мониторинг қорытындысына қарағанда орталық мемлекеттік органдардың 515, жергілікті атқарушы органдардың 261 және квазимемлекеттік сектордың 37 қызметкері сотталған. 189 адам басқа салалардан.

Орталық мемлекеттік органдардың ішінде бұл жағынан антирейтингінің бестігіне Ішкі істер, Қаржы, Қорғаныс, Индустрия және инфрақұрылымдық даму және Ауыл шаруашылығы министрліктері кіреді.

Қылмыстар көбіне аталған министрліктердің аумақтық бөлімшелерінде немесе сол ведомстволарға бағынышты ұйымдарда жасалған, — деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысын — кімдер қандай пара алғанын мына жерден көруге болады.