Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде кімдермен кездеседі?

Сапар бағдарламасы бойынша Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панель пікірталасына қатысады және бірнеше мемлекеттің басшысымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, академиялық топ өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған, — деп жазды Берік Уәли Facebook желісінде.

Оның мәліметінше, бұл жиынға барлығы 40-қа жуық мемлекеттің басшысы, сыртқы саясат пен қорғаныс бойынша 100-ден астам министр және халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар қатысады.

Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы — ірі жаһандық бейресми форумдардың бірі. Конференцияда қазіргі заманның негізгі сын-қатерлері талқыланады.