Басты бет Жаңалықтар Алматыда 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығына арналған көрме ашылды

Алматыда 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығына арналған көрме ашылды

Көрме бір ғасыр бұрын наразылықтың ірі ошақтары - Семей және Торғай өңірлеріндегі ұлт-азаттық көтерілістер туралы мағлұмат береді. Мұнда көтерілістердің қалай өрбігені ғана емес, оған кімдер қатысқаны туралы білуге болады.

Көрнекі сурет

Алматы қаласының Қастеев атындағы Орталық мемлекеттік мұражайында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған «Қазақ көтерілістері. Еркіндікке ұмтылыс» атты көрме жұмысын бастады. Онда осыдан бір ғасыр бұрын наразылықтың ірі ошақтары болған — Семей және Торғай өңірлеріндегі ұлт-азаттық көтерілістер мен оның қалай өрбігені ғана емес, қатысқан адамдар туралы да білуге болады.

Көрме қараша айының соңына дейін жалғасады.

Айта кетейік, аталған ұлт-азаттық көтерілісітің басталуына Ресей империясының 19-дан 43 жасқа дейінгі ер азаматтарды тыл жұмысына мәжбүрлеп тарту туралы бұйрығы түрткі болды. Тағы бір себебі — Ресейден көшіп келушілер мен жергілікті тұрғындар арасындағы жер мәселесі. Көтеріліс 1916 жылы Худжантта басталып, ресейлік жазалаушы әскерімен жаншылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version