Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыс пен жалған патриотизм туралы айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыс пен жалған патриотизм туралы айтты

"Қылмыс жасайтын жалған патриоттар қатаң жазаланады". Tengrinews.kz тілшісінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда волонтерлардың Birgemiz республикалық фронт-кеңсесінің ашылуында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Tengrinews.kz

ПатриоБіреудің үйіне кіріп, мүлкін тонаумен айналысатын, сөйте отыра жалған патриотизммен ұрандататын адамдар, әрине, патриот емес. Олар — заңды аттап өткен адамдар, яғни қылмыскерлер, криминал элементтер. Сондықтан олар қоғам мен мемлекет алдында мейлінше қатал заңмен жауапқа тартылады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент нағыз патриот деп волонтерларды атады.

Мына жерде тұрған сіздер — мемлекетіміздің патриотысыздар. Отанға деген махаббат бөспе ұран мен бос декларация емес, ол — күн сайынғы еңбек, соның ішінде халық игілігі үшін жан қалауымен қайырымды іспен айналысу. Ол — кең білім, жүріс-тұрыстың биік мәдениеті, оны сіздер іс-әрекетіңізбен, күн сайынғы мәдениетіңізбен көрсетіп жүрсіздер. Мен сіздерді сол үшін құрметтеймін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Волонтерлардың фронт-кеңсесі EXPO-2017 көрме кешеніндегі ArtHUB павильонында ашылып отыр. Ол — еліміздегі волонтер жобаларын үйлестірумен және оларға қоғамдық бақылау жүргізумен айналысатын кеңес, әдістеме және ақпарат беру орталығы.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version