Қордай оқиғасы салдарынан зардап шеккендердің қатары көбейді

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Надыровқа сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісінің хабарлауынша, қазір ауруханада 41 адам жатыр, бесеуі ауыр халде.

Оқиға салдарынан барлығы 182 адам зардап шекті, олар негізінен жеңіл жарақат алған, көбі амбулатория емін алу үшін үйлеріне жіберілді. Бүгінде Алматы стационарларында 29 пациент жатыр, төртеуі реанимацияда. Жамбыл облысы стационарларында 12 пациент бар, оның 11-і Қордайда, біреуі Таразда. Қордайдағылардың бірі реанимацияда, ертең ол санавиациямен Алматыға жеткізіледі. Қырғызстандағы тоғыз пациент Алматыға екі тікұшақпен әкелінді, — деді вице-министр.

Камалжан Надыровтың мәліметінше, зардап шеккендердің ең кішісі 17-де, ең үлкені 77 жаста.

Бұған дейін Қордай оқиғасы салдарынан 178 адам зардап шегіп, 10-ы қайтыс болғаны (сегізі оқиға орнында, екеуі ауруханада) хабарланған еді.