Ерболат Беделхан қыздардан құралған топ шығарады (Видео)

Ерболат Беделханның айтуынша, осы топты құрарда жарияланған кастингке 500-ге жуық адам қатысқан. «30 адамды іріктеп алып, одан 10 адам орталықта қалды. Оның бесеуі Ninety One-дық атанды»,-дейді ол радиоға берген сұхбатында.

Ерболат 91 тобымен тоқтап қалмайтынын айтты. 2017 жылы қыздардан құралған жаңа топ шығармақшы. Олар да K-Pop жанрында ән салатын болады. Барлық жобасына бизнес-план жасайтын продюсер жаңа топта өнер көрсететін қыздарды анықтап қойған. Айтуынша, олар алғашқыда Ninety One кастингіне келген қыздар екен.

Естеріңізге сала кетсек, Сұрақ-жауап сайты қалаңызда Ninety one тобының концерті өткенін қалайсыз ба? — атты сауалнама жүргізген болатын.

[totalpoll id=»12202″]