Басты бет Жаңалықтар Қордай қақтығысы салдарынан қаза тапқандар саны 10-ға жетті

Қордай қақтығысы салдарынан қаза тапқандар саны 10-ға жетті

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан қайтыс болғандардың саны 10-ға жеткенін растады. 

Масанчи ауылынан түсірілген сурет. Фото: Azattyq.org

Өкінішке қарай, жаппай тәртіпсіздік салдарынан қаза тапқандардың саны 10 адам болды. 43 адам ауруханаға түскен еді, бүгін маған ауруханада 39 адам қалды деген мәлімет берілді. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Жарақат алғандардың ішінде бесеуі — біздің қызметкеріміз, үшеуіне оқ тиген, — деді Алексей Калайчиди Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

7 ақпан күні Жамбыл облысының Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында қақтығыс болып, арты жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Көп ұзамай құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандырды. Оқиға салдарынан сегіз адам қаза тапқаны, дәрігерлерге 165 адам көрінгені хабарланды. 30-дан астам үй, 15 сауда нысаны мен 20-дан астам автокөлік өртенген. Жергілікті тұрғындардың бір тобы Қырғызстан аумағына өтіп кеткен.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version