Алдын ала мәлімет бойынша қайтыс болғандардың аты-жөні мынадай:
7 ақпан күні Жамбыл облысының Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында қақтығыс болып, арты жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Көп ұзамай құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандырды. Оқиға салдарынан сегіз адам қаза тапты, 40-тан астам адам жараланды. 30-дан астам үй, 15 сауда нысаны мен 20-дан астам автокөлік өртенген. Полицейлер 47 адамды ұстады, қазір бұзақылық, кісі өлтіру, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру деректері бойынша қылмыстық тергеу басталды. Оқиға орнында Президенттің тапсырмасымен құрылған Үкімет комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Полицияның мәліметінше, ауыл тұрғындары арасындағы төбелестің видеосы мен арандатушылардың жалған ақпараты әлеуметтік желілерде жылдам тарап, қақтығыстың ұлтаралық сипат алуына ықпал еткен.