Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Нұрлы жер» тұрғын үйлеріне баға белгілі болды

Фото: Scs.edu.au

Комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынып жатқан пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына ыңғайланланған бағамен ерекшеленетінін айтып өтті.

«Бәйтерек» салып жатқан тұрғын үйлердің бағасы: несиелік тұрғын үй бойынша өңірлерде — бір шаршы метр үшін 140 мың теңге, Астана және Алматы қалаларында — бір шаршы метр үшін 180 мың теңге, коммерциялық тұрғын үй — 240 мың және одан жоғары. Біз мемлекеттік құрылыс бойынша бағалар одан әрі де осы деңгейде болады деп есептейміз. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында да осындай бағалар болады. Құрылыс материалдарының 80-90%-ға жуығы Қазақстанда шығарылады, сондықтан бағалар көтерілмеуі тиіс. Ал, таңдаулы тұрғын үйде басқа жүйе», — деп хабарлады Мархаббат Жайымбетов.

Айта кетейік, Doing Business дүниежүзілік банк рейтингісінде құрылысқа берілген рұқсаттардың саны бойынша Қазақстан 6 орынға көтерілген. Өткен жылы біздің еліміз 41-орынға ие болса, ал қазір 35-ші орынға тұрақтаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version