Басты бет Жаңалықтар «Нұрлы жер» тұрғын үйлеріне баға белгілі болды

«Нұрлы жер» тұрғын үйлеріне баға белгілі болды

ҚР ҰЭМ Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғызылып жатқан үйлердің бағасы туралы айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Фото: Scs.edu.au

Комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынып жатқан пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына ыңғайланланған бағамен ерекшеленетінін айтып өтті.

«Бәйтерек» салып жатқан тұрғын үйлердің бағасы: несиелік тұрғын үй бойынша өңірлерде — бір шаршы метр үшін 140 мың теңге, Астана және Алматы қалаларында — бір шаршы метр үшін 180 мың теңге, коммерциялық тұрғын үй — 240 мың және одан жоғары. Біз мемлекеттік құрылыс бойынша бағалар одан әрі де осы деңгейде болады деп есептейміз. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында да осындай бағалар болады. Құрылыс материалдарының 80-90%-ға жуығы Қазақстанда шығарылады, сондықтан бағалар көтерілмеуі тиіс. Ал, таңдаулы тұрғын үйде басқа жүйе», — деп хабарлады Мархаббат Жайымбетов.

Айта кетейік, Doing Business дүниежүзілік банк рейтингісінде құрылысқа берілген рұқсаттардың саны бойынша Қазақстан 6 орынға көтерілген. Өткен жылы біздің еліміз 41-орынға ие болса, ал қазір 35-ші орынға тұрақтаған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version