Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Арқалықта мешіттер сатылады

Көрнекі сурет

Болат Әбдібековке тиесілі «Құралай» құрылыс компаниясы жергілікті биліктің тапсырмасы бойынша үш мешіт салған. Құрылыс 1992 жылдан 1999 жылға дейін жүргізілген.

Алайда, тапсырыс берушілер құрылыс компаниясына тиесілі қаражатты төлемеген. Көпке созылған сот отырыстарында дау туып, ғимараттарды Әбдібековтың иелігіне көшіру шешімі қабылданды. Бірнеше жылдан кейін ол бір мешітті сататынын, ал 2013 жылы екі мешітті сататынын хабарлаған.

Діни бағытта пайдалануға арналған үш ғимаратты да сататыны туралы қазір белгілі болып отыр. Қазір жылжымайтын мүліктерді сату бойынша онлайн-ресурстарда ұсынылған бағасы төмендегідей: Арқалықтағы мешіттің құны — 180 миллион теңге, Амантоғай кентіндегі мешіттің бағасы 50 миллион теңге, Торғай кентіндегі Алла үйінің бағасы 94 мың АҚШ доллары. Сатушы бағаны түсіруге дайын екенін айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version