Басты бет Қоғам Ranking.kz Қазақстандағы суицид себептерін жария етті

Ranking.kz Қазақстандағы суицид себептерін жария етті

Қазақстанда 2019 жылы 3 805 суицид оқиғасы тіркелген, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 7,4% көп.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Nika

2018 жылы 3 542 оқиға болып, ол кезде суицид жағдайлары бір жылда 2,8% азайған еді.

Ranking.kz мамандарының зерттеуіне қарағанда өзін-өзі өлтіргендердің 3 мыңға жуығы — ер адам, дегенмен әйелдер арасындағы суицид оқиғалары бір жылда 11,1% көбейген (772 жағдай). Жалпы, 2019 жылы өзіне-өзі қол жұмсауға 4,8 мың адам әрекеттенген.

Суицид

Қаза болғандардың 180-і — жасөспірім: 121 ер бала, 59 қыз бала. Соған қарамастан суицид жасауға әрекеттенгендердің арасында қыз балалар көп: 270 жағдай, ұл балалар арасында 81 жағдай.

Суицидке барғандардың 73,6%-і мас болмаған. Мамандардың мәліметінше, адамдар негізінен жалғыздық пен шеттетілу (294 қайғылы оқиға), нашар тұрмыс (205 оқиға), ауыр дерт (136 жағдай), жанжал (90), ажырасу (87) туыстармен сөзге келу (100) себептерінен өзін-өзі өлтірген. 2 800-ден астам суицид оқиғасының себебі анықталмаған.

Қазақстан бойынша суицид Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында көп тіркелген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version