Мазмұнға өту
Басты бет / Instagram /

Жатыр ісігіне қандай жағдайлар себеп болуы мүмкін?

Иллюстрация: Dribbble.com/©Benoit Drigny

Миома — жатыр бұлшықеті қабатында пайда болатын қатерсіз ісік немесе артық ет. Ол әдетте жасы 30-дан асқан әйелдер ағзасында кездеседі.

Ісік гипоталамус-гипофиз жүйесі қызметінің бұзылуы мен эстрогеннің көп мөлшерде түзілуіне байланысты, — дейді дәрігер.

Маманның айтуынша, жатыр қуысында, жатырдың сырты мен оның қабырғасында пайда болған ісік қуық пен тікішектің жұмысын нашарлатуы мүмкін. Оған тек операция жасалуы қажет.

Қазір әйелдер жатыр ісігін емдеу туралы жалған жарнамаға сеніп, дәрігердің кеңесіне жүгінбей-ақ, зиян препаратты қолдануға әуес. Ал оның салдары ауыр болатынын біле бермейді, — дейді гинеколог.

Дәрігердің айтуынша, ісікке себеп болатын бірнеше фактор бар:

  • Аналық без бен бүйрек үстіндегі бездің дисфункциясы;
  • Түсік жасату және бедеулік;
  • Жыныс мүшесінің созылмалы инфекциясы және жыныстық жолмен берілетін ауру түрлері;
  • Семіздік, қант диабеті.

Ісік гормондардың өзгеруі салдарынан немесе әйелдің жыныстық қатынасқа кеш түскенінен де пайда болуы мүмкін, — дейді Әлия Шойынқызы.

Жатыр ісігі. Фото: Osteodoc.ru

Жатыр ісігі бірнеше гинекологиялық әдіс арқылы анықталады:

  • Ультрадыбыспен зерттеу;
  • Жатыр қуысын гистероскопиямен тексеру;
  • Құрсақ қуысын лапароскопия арқылы бақылау. Кейде әйелді кесар тілігімен босандырған кезде миома бар екені байқалады.

Жатыр ісігінің емі аурудың нақты белгісіне, әйелдің жасына, ісіктің саны мен көлеміне, орналасуына байланысты жүргізіледі, — дейді дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, жатыр ісігіне дәрілік өсімдік түрлері ем болады. Мысалы, қырмызыгүл, адыраспан, қарабүлдірген, құлмақ, бұрыш жалбызы, қалақай тұнбасын тамақтанардан бір сағат бұрын екі ас қасықтан ішу қажет. Әр ай сайын 10 күн үзіліс жасап, 4 ай бойы жалғастырған абзал.

5 комментариев на «“Жатыр ісігіне қандай жағдайлар себеп болуы мүмкін?”»

  1. Осы айтылған өсімдіктерді аптекадан табам ба?Олардың тек бір түрін ішу керек пе,әлде барлығын бірге іше ме?

    • Абайсызда кулап жатырым исип кетти Не истеу керак.

  2. Салеметсизбе Абайсызда кулап жатырым ауырып исип китти соган Не истеу керак?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version