Басты бет Жаңалықтар Президент Семейді дамыту жөнінде бірнеше тапсырма берді

Президент Семейді дамыту жөнінде бірнеше тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Семей әкімі Ермак Сәлімовті қабылдады. Ақорда сайтының хабарлауынша, Семей басшысы қаланы әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Президент Семей әкімімен кездесті. Фото: Аkorda.kz

Кездесуде тоқтап тұрған кәсіпорындарды, атап айтқанда, тері-жүн комбинатының жұмысын жандандыру және радиология орталығын пайдалануға беру, жаңа мектеп салу, жол жөндеу мен көшелерді абаттандыру мәселелері де қаралды.

Президент Абайдың 175 жылдығына арналған шараларды сапалы әрі шетелден маман тартпай ұйымдастыруды тапсырды.

Мемлекет басшысы Семейге тарихи орталық мәртебесін беру жөнінде маңызды қадам жасалғанын, оның музейлер жұмысының сапасын арттыруды және қаланың көрікті жерлерін абаттандыруды талап ететінін айтты. Бұл нысандар туристер мен қала қонақтары үшін тартымды болып, жақсы қызмет етуі керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ермак Сәлімовке волонтерлар қозғалысымен бірге Семей орманы аумағына ағаш егу және бұл акцияға жастарды қатыстыру керек екенін айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version