Дүйсенбі күні кешкісін қаруланған бір топ адам казармаға басып кіріп, оқ атқан. Полиция академиясының бірнеше студенттерін кепілдікке алған. Дереккөздері «шабуылды бес немесе алты адам жасаған» дейді. Үшеуінде жарылғыш белбеуі болып, екі жанкешті казарманың ішінде өздерін жарып жіберген.
Пәкістанның қарулы күштері ғимаратты қоршап, кепілдіктегі адамдарды босату операциясын жүргізді. Шабуылдаушының үшеуі өлтірілген.
Reuters агенттігінің деректеріне сүйенсек, аталмыш террактіні «Лашкар-э-Джангви» ракдикалды ұйымы да өз жауапкершілігіне алып отыр. «Олардың мақсаты — Пәкістанды моноконфессионалды суннитік мемлекетке айналдыру» деп жазады Reuters. Олар осы уақтықа дейін бірнеше рет христиан, будда, шиит мұсылмандарына шабуыл жасаған еді.
Алайда, «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы бұл оқиғаға өздерінің қатысы бар екенін жанкештілердің суретін жариялау арқылы дәлелдеп отыр.