Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда әлеуметтік...

Қазақстанда әлеуметтік желіде лотерея ойнатуға тыйым салынады

Журналистер министрден Instagram-дағы лотерея ойындарының қаншалықты заңды екенін сұрады.

Лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасында лотерея операторынсыз, лотерея операторымен арадағы лотерея жүргізу жөніндегі келісімсіз ұйымдастырылатын кез келген ойын заңсыз немесе лотерея емес деп есептеледі, — деді Ақтоты Райымқұлова.

Министрдің айтуынша, қазір лотерея деп аталып жүрген ұтыс ойындарының бәрі бірдей лотерея емес, сол себепті олардың жарнамасы заңсыз деп танылып, ұйымдастырушылар жазаланады.

Лотерея қызметінің негізгі белгісі — лотерея операторы мен лотереяға ақша салатын қатысушының болуы. Бұл қаражат ортаға жиналып, аппарат кешені бойынша ойналады. Қатысушылардан түскен қаржыны біреу ұтып алады. Осындай белгілері жоқ ұтыс ойындары лотерея деп танылмайды, — деді Мәдениет және спорт министрі.

5 ақпанда лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңға енгізілетін түзетулерді Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Заң шығарушылар елімізде заңсыз лотерея жарнамасына тыйым салғалы отыр. Заңнамаға енетін өзгеріс бойынша «лотерея» сөзі лотерея операторы өткізетін, мемлекет бақылайтын ресми ұтыс ойындарына ғана қолданылады.