Енді қызық бола түсті: Еуразиялық банк осы бағытты қалай және ең негізгі сұрақ — не себепті таңдады? Бұл туралы банктің басқарма төрағасы Валентин Морозов сұхбатта толығырақ айтып берді.
— Мұндай қажеттілік неден туындады?
— Еуразиялық банк — елдегі бұрыннан жұмыс істеп тұрған қаржы институтының бірі. Бірақ бұл банк заман ағымына ілеспейді, клиент талғамының өзгерініне мән бермейді дегенді білдірмесе керек. Соның ішінде музыка саласына да.
— Қызық, сонда клиенттеріңіздің портреті осылайша тез өзгерді ме? Банк қазір бағытын жасөспірімдерге қарай бұрып жатыр ма?
— Бұл осы жанрға қатысты ең кең тараған қате түсінік болар. Негізі рэп өз алдына жеке жанр ретінде АҚШ-та 70-жылдары танылған, ал Ресей мен Қазақстанға 90-жылдары енді. Рэп 40 жастағы адамдарға тіпті таңсық дүние емес. Банк қазір дербес, төлем қабілеті бар және құндылығы алдыңғы буыннан өзгеше Y ұрпағын да қамтып жатыр. Олар Jah Khalib, Скриптонит, M’Dee сияқты өнер иелерін тыңдайды.
— Сонда банк өнімдері олардың құндылықтарымен қалай үйлесім таппақ?
— Y ұрпағы еркіндікті қаржы тұрақтылығынан жоғары қояды. Оның үстіне, бұл буын қарапайымдықты, өзін танытуды таңдайды. Олар үшін цифр технологиясымен ажырамас байланыс және желі коммуникациясы өте маңызды. Жылдамдыққа мұқтаждық та жоғары. Осыған сүйене отырып, біз бұл аудиторияның сұранысына сай өнім жасаймыз. Мысалы, карта туралы айтатын болсақ, ол мобильді банкингке қосылуы қажет, барлық операцияда кешбэк болуға тиіс.
— Видеоларыңыздағы кейіпкер 25 жасына дейін жеке бизнесін қалыптастырып, жетістікке жеткені туралы рэп оқиды…
— Иә, біз банктің ролін дәл осылай нобайлаймыз — жастардың жетістікке жетуіне көмектескіміз келеді. Біз барлық проблеманы қолға ала алмаймыз, бірақ жауапкершілігіміздегі мәселені басқалардан жақсырақ шешуге тырысамыз. Мысалға кешбэкті алайық. Бізде ол басқа банктердікінен жоғары. Ал кешбэктен жиналған бонустармен шектеулі қызметтерге ғана емес, барлық нәрсеге төлеуге болады.
— ОК, сонда да рэпке не себепті көңіл бөлдіңіздер?
— Қарапайым логикаға салғанның өзінде түсінікті: рэп стандарт эклектика жарнама ролигіне қарағанда екі есе көп ақпаратты жеткізуге мүмкіндік береді. Кейінгі ролигімізді орналастырған әлеуметтік желілердің алгоритмі үшін контент көлемі өте маңызды. Бағана айтып өткенімдей, рэп форматы біздің мақсатты аудиториямызға таңсық дүние емес және олар өздеріне бірдеңені агрессив жеткізуге тырысып жатыр деп ойламайды. Айтпақшы, әлемдік брендтер рэпті жарнамада қолданудың тиімділігін және рэперлермен коллаборацияның артықшылығын ертерек түсінген. Сол себепті бұл тәсілдерді коммуникацияда түрлі деңгейде қолданады.
— Бұл форматты қалай пайдалануды жоспарлап отырсыздар?
— Бастапқы нәтижесін бақылап отырмыз және ол ойымыздан шығып жатыр — әлеуметтік желілерде 290 мыңнан артық көрілім жинады, 950 мыңнан жоғары ауқымды қамтып үлгерді. Конверсия алғашқы цифрдан әлдеқайда жоғары және аудиторияның басым бөлігі жақсы қабылдап жатыр. Біз қазір рэп жанрын имидж үшін, нарыққа жаңа өнім шығару үшін, әлеуметтік желілерде немесе 360 градусқа бұрылған коммуникацияда қалай дұрыс қолдану керек деген мәселені қарастырып жатырмыз. Оқиғамыздың жалғасын жуық арада көресіздер деп үміттенемін.