Басты бет Қоғам Бақытжан Бұқарбай Президентке айтар сөзін кітап етіп шығарды

Бақытжан Бұқарбай Президентке айтар сөзін кітап етіп шығарды

Алматыда саясаттанушы, журналист, баспагер Бақытжан Бұқарбай Prezident атты жаңа кітабын оқырманға таныстырды.

Бақытжан Бұқарбай. Фото: Сымбат Айдархан

Автордың айтуынша, бұл кітап бір жыл бұрын Нұр-Сұлтанда өрттен қаза тапқан бес қыз баланың рухына арналады. Мұқабасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен бес сәбидің иллюстрациясы бейнеленген. Дегенмен кітапта марқұм болған балалар туралы мүлдем сөз болмайды. Шағын еңбекте автор саясаттанушы ретінде мемлекет өміріндегі реформалар, либерализация, десакрализация сияқты тақырыптарға қатысты ой-толғамдарын жазған.

Мұқабада қаза болған кыздарды ұқсатып салуға тырыспадық, бес баланың образының ишарасын ғана жасадық. Олардың әруағына тиіскіміз келмеді, – дейді автор.

Бақытжан Бұқарбай кітапты биыл қаңтардың басында жазып бітірген, жұмыс 60 сағаттай уақыт алған. Кітап әзірше орыс тілінде жарыққа шығып отыр. Енді қазақ тіліне аударылады.

Президент Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жариялады. Енді билік сөзбен шектелмей, істе де осы қағидаға берік екенін дәлелдесе, жақсы болар еді. Біздікі сарапшы ретінде мәселені ашып, шешімін айту, биліктікі — айтқанға құлақ асып, оны шешім қабылдауда ескеру, — дейді автор.

Бауыржан Бұқарбай, саясаттанушы. Фото жек архивінен
Бақытжан Бұқарбай. Фото: Сымбат Айдархан

Бақытжан Бұқарбай бұл кітап ел болашағын ойлайтын әр азаматқа арналған деп есептейді. Кітап жуырда Meloman дүкендерінде сатылымға шығады. Әзірше оған WhatsApp мессенджеріндегі +7 778 319 58 60 нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады.

Фото: Сымбат Айдархан

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version