Біздің аудан қала көлемінде келесіні қамтамасыз етеді:
— барлық салық түсімдерінің 30 %;
— қаржы операцияларының 70 %;
— бөлшек және көтерме сауданың 20%;
— ЖАӨ (жалпы аймақтақ өнім) 2/3 бөлігі – сауда және қызмет көрсету саласы.
Аудан бойынша салық түсімдері ағымдағы жылдың 9 айында 92 млрд. теңгеге өсті, атап айтқанда, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 60% өсіп 343,7 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар Медеу ауданы салық түсімдері бойынша қала көлемінде ғана емес, республика көлемінде бірінші орында.
Қазіргі уақыттағы экономикалық дағдарысқа қарамастан, ауданда жаңа бизнес нысандары үздіксіз ашылуда. Жыл сайынғы шаруашылық жүргізуші субъектілердің өсімі 5-7% құрап, жалпы саны 11,5 мыңға жетті.
Аудан бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы саны 170 нысан, олардың ішінде 12-і ірі және орта кәсіпорындар. Медеу ауданында тоқтап тұрған кәсіпорындар жоқ. Өнеркісәптік өндіріс көлемі 61,1 млрд. теңге. Нақты көлем индексі – 98%. Қала өндірісінің жалпы көлеміндегі аудан үлесі 12%.
Медеу ауданының экономикалық негізі болып кіші және орта бизнес саналады. Оны дамыту мақсатында, кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Кәсіпкерлік карталарын қолдау бойынша биылғы жылы инвестиция соммасы 10,5 млрд. теңге көлемінде 5 жоба жүзеге асырылып, онда 500 жаңа жұмыс орны құрылады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 4,5 млрд. теңге құрайтын 13 жоба, 173 жаңа жұмыс орны құрылады. Жібек жолы аймақтық бағдарламасы бойынша соммасы 945,8 миллион теңге құрайтын 15 жоба.
Мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының мүмкіндіктерін түсіндіру аясында, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Даму» фондының қатысуымен біз Кәсіпкерлер күнін өткіземіз. Тек біздің аудан ғана бұндай шараларды қаланың бұйрығына сәйкес тоқсан сайын емес, апта сайын өткізуде.
Нәтижесіде, Даму фондына 9 компания және 17 жеке кәсіпкерлер, Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 19 жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар өтініш берді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 21 маусымында Алматы қаласы Зенкова к-сі, Жібек-жолы мен Мақатаев көшелерінің арасында бірінші пилоттық жоба іске қосылып, 64 көлік тұрағы, 4 паркомат орнатылды.
Бүгінгі күні, осы жоба аясында Көк базар аймағында 600 көлік тұрағы, 24 жаңа паркомат орнатылды, 25 жұмыс орны бөлінді.
Бұл жобаның басталуымен қалалық бюджетке 20 миллион теңгеден аса салық төленді.
Биылғы жылы 9 ай ішінде инвестиция негізгі капиталға көлемі 65,7 млрд. теңгені құрады. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі ауданның үлесі 19,6% болып табылады.
Биылғы жылы, инвестиция көлемі 4,5 млрд. теңге құрайтын 700 ден аса жұмыс орнымен 11 үлкен нысандар ашылды.
Сауда саласында 2016 жылы 9 ай ішінде бөлшектік сауда айналымы 252 млрд. теңгені құрады. Көтерме сауда айналымы бойынша біз қалада бірінші орынды иеленеміз. Әр төртінші көтерме сауда мәмілесі Медеу ауданында жасалады. 9 ай ішінде бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есе көбейіп, 1,5 трлн. теңгені құрады.
«Қызмет көрсету саласы және туризм» Үстіміздегі жылы «Colibri» сауда ойын-сауық орталығы ашылды. Жаңа қоғамдық тамақтандыру обьектілері ашылды, соның ішінде «Жайлау» этно кафесі (инвестиция көлемі 450 миллион теңгені құрайды). 3 жаңа қонақүй ашылды – Сапар де люкс, Шера Парк Ин және Макан.
Осыдан өзге, қазақ ұлттық асханасының 3 рестораны жылдың соңына дейін ашылады. Бір айдан кейін «Милдом» қонақ үйінің екінші бөлігі ашылады. Келер жылы әлем брендтері Кемпинский и Новотель секілді қонақ үйдің ашылуы жоспарда.
Одан басқа, «Тұйық су» альпинистік жаттығу лагерінің инвестициялық жобасы бойынша қайта құрылуы жоспарлануда, оның ішінде: маусымдық шатырлы қалашық, құтқару қызметінің және нұсқаушының бөлмелері, этно-ауыл, спорттық алаң, альпинистік жиындарда альпинистердің жиналу орны болады деп жоспарлануда. (Инвестиция соммасы 85 миллион теңге).
Көріктендіру. Медеу ауданында 512 ішкі аула аумағы, 752 көп қабатты тұрғын үй бар. Жартысынан көбінің жағдайы қанағаттанарлық. Жергілікті бюджет қорынан 455 млн.тг. 65 ішкі аула аумағы жөнделуде.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы бойынша 125 млн.тенгеге 12 ішкі аула аумағын көріктендіру жұмысы жасалды.
2017 жылы 200 ішкі аула аймағын көріктендіру жұмысын жасауға ұсыныс жіберілді.
Үстіміздегі жылы көктем мезгілінде жолдарды су басу жайттары орын алды. Аталған жағдайды қалпына келтіру үшін арық жүйелеріне ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді (11 аумақта). Жалпы ұзындығы 2,4 шақырымды құрайды. Қаржыландыру соммасы 73 миллион теңге.
Осыдан өзге «Көлсай», «Аққайың» және «Сұлусай» ықшам аудандарында «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы соммасы 1 млрд. теңге жуық, 27 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Көше тазалау жұмыстары. Аудан бойынша тазаланатын жолдар көлемі 2,759 км2 құрайды, ұзындығы 278,5 шақырым. Қаржыландыру соммасы 906,2 миллион теңге.
Жылыту жұмыстары бойынша – аудан аумағында обьектілер 100% мерзімінде қосылды. Қар тазалау жұмыстарына техникалар дайын.
Көшелерді жарықтандыру. Аудан бойынша жарық шамдарының жалпы саны
14 148 дананы құрайды, сыртқы жарық желілерінің жалпы ұзындығы 445,45 шақырымды құрайды.
Әлеуметтік жауапкершілік аясында «АБН Групп» компаниясы 27 көше бойынша 1351 светодиодтық шамдарды ауыстырды. Жыл соңына дейін аталмыш компания ауданның 45 көшесіне 33 шақырымды құрайтын электр желілерін және 1195 дана жарық шамдарын орнатуы жоспарлануда.
Әсіресе саябақтар мен тыным бақтарға ерекше көңіл бөлінеді. Және ол тек жарықтандыру ғана емес, күту жұмыстарынада.
Ауданда 2 саябақ, 22 тыным бақ, 5 бульвар, 4 жағалау алаңы бар. Жалпы көлемі
138,7 га. құрайды. Бүгінгі таңда «Жамбыл», «Оқушылар сарайы», «Мемлекеттік мұражай», «Журналистер» тыным бақтарына, «Жамбыл», «Пушкин» бульварларына және «Терреңкүр» демалыс орнына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы қаржыландыру соммасы 117,5 миллион теңге. құрайды.
Ескі тұрғын үйлерді бұзу. Бағдарламаға байланысты аудан аумағында бұзуға жалпы аумағы 37,8 мың м2 құрайтын 69 тұрғын үй бар. Қазіргі уақытта Қазыбек би – Кайырбеков – Айтеке би – Барібаев көшелерінің квадратындағы 9 тұрғын үй бұзылды. Маусым айында бұзылған ескі тұрғын үйлердің орнына 178 пәтерлі 9 этажды көп қабатты 3 тұрғын үй салынуда. Инвестиция қоры 9 млрд. тг. құрайды. Мақатаев 5, 5А, Тянь-Шаньская 5 көшелеріндегі екі қабатты 3 ескі тұрғын үйлерді бұзып, Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорнымен (КҚК) 9 қабатты 3 тұрғын үй салынды. Бөгенбай батыр көшесі 19 мекен-жайында жыл соңына дейін 9 қабатты тұрғын үй құрылысы аяқталады. Инвестиция қоры 1,5 млрд. тенгені құрайды.
Әлеуметтік сала – 2016-2020 жылдарға арналған Алматы қаласы даму бағдарламасы бойынша орта және шағын бизнес, өнеркәсіп орындарында 2016 жылдың 01 қазан айына 2724 жаңа жұмыс орындары құрылды, жылдық жоспардан 109.0% орындалды.
Медеу аудандық жұмыспен қамту орталығына «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасымен 1760 адам өтініш білдірді. Оның ішінде мүмкіншілігі шектеулі жандар – 69 адам, әйелдер – 570, 29 жасқа дейінгі жастар – 792 адам.
Әлеуметтік жұмыс орнына жергілікті бюджеттен — 55 адам және республикалық бюджеттен — 63, жастар тәжірибесімен 84 адам жіберілді. Жыл басынан бері тұрақты жұмыспен қамтылғандар – 921адам. Сонымен қатар, 59 мүмкіншілігі шектеулі жандарға жұмыспен қамту шаралары жасалынды.
Денсаулық сақтау. Жалпы алғанда, ауданның өңірлік медициналық бірлестігінде 13 медицина мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 3 мыңға жуық медициналық мамандар жұмыспен қамталған. Денсаулық сақтау саласында, нәрестелер және аналар өлімі көрсеткіштері жақсаруда. Туберкулезбен ауру және өлім көрсеткіштері төмендеді. Сонымен қатар, Медеу ауданы 4 жыл қатарына қалалық рейтінгтің 16 негізгі көрсеткіштері бойынша 1 орын алуда.
Білім саласы. Ауданда 28 мемлекеттік 6 жекменшік мектептер бар. 8 жыл бойы білім саласында барлық көрсеткіштер бойынша Медеу ауданы көшбасшы орындарды иемденип келеді, Ұлттық бырыңғай тестілеу бойынша Алматы қаласы көлемінде тұрақты екінші орынды иемденіп келеді.
2016 жылы «Ең үздік педагогикалық ұжым» байқауы бойынша №159 гимназия гран-при жүлдесіне ие болды, ал «Ең үздік педагог» байқауында №12 гимназия бірінші орынды иеленді.
Жыл санап ауданда оқушылар саны артып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда үстіміздегі жылы 1910 балаға көбейді. Бұл әсіресе аудан орталығында, жақсы көрсеткіштері бар мектептер орналасқан аумақта сезіледі.
Сонымен қатар ауданда 5941 баланы қамтитын 17 мемлекеттік балабақша, 41 жеке балабақшалар, 5 жеке шағын-орталықтар орналасқан.
«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 1 қазан көрсеткіші бойынша 27 балабақшаға 1099 бала қамтылды.
Үстіміздегі жылы 18 жеке балабақша ашылды (инвестиция көлемі 930 млн. тнг. құрады. Жыл соңына дейін тағы 3 жеке балабақша ашу жоспарда.
Осыдан өзге Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясын үстіміздегі жылы №12, 159 мектептерде спорт алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, №197 мектепте спорт залы салынды, қазан айының соңына 600 орынға арналған №168 мектеп-гимназиясын ашу жоспарланып отыр (Инвестиция қаражаты – 1 млрд. тнг асады.),
«Широкая щель» және «Сұлусай» ықшам ауданында 2 фельдшерлік амбулатория ашылды және 12 аулаға жөндеу жұмыстары жүргізілді, соммасы 125 млн. тнг. құрады.