Басты бет Жаңалықтар Арыстанбек Мұхамедиұлына тағылған айыптар бойынша жаза тағайындалды

Арыстанбек Мұхамедиұлына тағылған айыптар бойынша жаза тағайындалды

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты айыптау айтып, видео түсірген режиссер Талгад Жаныбековті сот кінәлі деп тауып, оған 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2016 жылғы 11-12 шілде аралығында режиссер Талгад Жаныбеков ғаламтор желісінде Мәдениет және спорт Министрлігінің құзыреттілігіне және аталған мекеме басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты бейнеролик жариялаған. Арыстанбек Мұхамедиұлы өз кезегінде  Талгад Жаныбековті ҚР ҚК-ң 130-бабының 3-бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеке айыптау тәртібімен сотқа жүгінген.

«Сот Т.Жаныбековтің БАҚ арқылы жариялаған ақпараттың ақиқат болып табылмайтынын, Арыстанбек Мұхамедиұлы абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiргенін, оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiмет екенін анықтады. 2016 жылғы 25 қазанда Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты Т.Жаныбековті кінәлі деп таныды және оған 500 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды»,-деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version