2016 жылғы 11-12 шілде аралығында режиссер Талгад Жаныбеков ғаламтор желісінде Мәдениет және спорт Министрлігінің құзыреттілігіне және аталған мекеме басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты бейнеролик жариялаған. Арыстанбек Мұхамедиұлы өз кезегінде Талгад Жаныбековті ҚР ҚК-ң 130-бабының 3-бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеке айыптау тәртібімен сотқа жүгінген.
«Сот Т.Жаныбековтің БАҚ арқылы жариялаған ақпараттың ақиқат болып табылмайтынын, Арыстанбек Мұхамедиұлы абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiргенін, оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiмет екенін анықтады. 2016 жылғы 25 қазанда Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты Т.Жаныбековті кінәлі деп таныды және оған 500 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды»,-деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Үкім заңды күшіне енген жоқ.