Еліміздің жоғары оқу орындарындағы студенттер саны 604 345 адам болды, көрсеткіш былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 11,4% көбейген.
2019-2020 жылдардағы оқу жылына 163 494 адам қабылданды, әртүрлі себеппен 60 654 адам оқудан шығып кетті, 2019 жылы оқуды 142 435 адам бітірді.
Студенттердің жалпы санының 79,6%-і күндізгі бөлімде оқиды, 14,9%-і сырттай және 5,5%-і кешкі бөлімде оқиды. Мемлекеттік білім гранты есебінен 180 088 адам білім алып жатыр, грант иегерлері — студенттердің жалпы санының 29,8%-і, 424 257 студент (70,2%) ақылы негізде білім алады.
Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі — 65,2%, ал студенттердің 30,2%-і орыс тілінде және 4,6%-і ағылшын тілінде білім алады.
Жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушы құрамы 38 470 адам болды, оның 8,5%-інің ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар, 33%-і — ғылым кандидаты, 6,4%-і профессор, 15,3%-і — доцент. Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылардың саны — 12 995 немесе 33,7%, философия докторы (PhD) және бейін бойынша доктор дәрежесі бар оқытушылар — 2870 адам немесе 7,4%.