Басты бет Қоғам Қазақ тіліндегі медиа өкілдері QazForum-да төртінші рет бас қосады

Қазақ тіліндегі медиа өкілдері QazForum-да төртінші рет бас қосады

2020 жылдың 7 ақпанында Нұр-Сұлтанда QazForum шарасы өтеді. Форумда жылдағыдай қазақ тіліндегі медиа саласының үздік сарапшылары, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайт бас редакторлары кәсіби тәжірибесін ортаға салады.

Фото: Қазақстан баспасөз клубы

Биылғы форумда қазақ тіліндегі онлайн контенттен ақша табу және Қазақстан медиа нарығын дамыту мәселелері талқыланады. Сонымен бірге медиа сарапшыларының қатысуымен шеберлік сабағы мен тренинг өткізу жоспарланған.

Форумды АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің бастамасымен Қазақстан баспасөз клубы ұйымдастырып отыр. Клуб шараға онлайн БАҚ өкілдерін, блогерлер мен влогерлерді, медиа сарапшыларын шақырады.

Форумға Fkoc.kz сайтына кіріп, тіркелуге болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version