Студенттер мен магистранттар стипендиясы көбейді

Жаңа қағида бойынша білім гранты иегерлерінің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясының мөлшері былай белгіленді:

— жоғары білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары студенттеріне 26 186 теңге;

— интерндерге 47 431 теңге;

— магистранттарға 66 913 теңге;

— «Назарбаев Университеті» дербес білім ұйымы магистранттарына 125 000 теңге;

— докторанттарға 102 498 теңге;

— денсаулық сақтау саласы резидентурасы тыңдаушылары мен магистранттарына 76 951 теңге;

— ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясының мемлекеттік органдардан жіберілген магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлық деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім гранты бойынша оқып жатқан магистранттар үшін белгіленген стипендиядан аз емес мөлшерде;

— жұмысшы мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқып жатқан студенттерге 21 787 теңге.

Техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын мекемелер студенттерінің мемлекеттік стипендиясы жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым студенттерінің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясының 80%-і деңгейінде белгіленеді. Үкіметтің тиісті қаулысы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.