Басты бет Жаңалықтар 30 қаңтарда күн жауын-шашынсыз әрі аязды болады

30 қаңтарда күн жауын-шашынсыз әрі аязды болады

"Қазгидромет" хабарлайды: 30 қаңтарда Қазақстан аумағы Солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады, сол себепті республиканың көп бөлігінде жауын-шашын түспейді, солтүстік-батыста ғана аздаған қар жауады.

Фото: Kp.ru

Еліміздің кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Синоптиктердің болжамы бойынша Атырау облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз кей жерде екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында кей жерде тұман түседі. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейетін жел соғады.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» мамандары 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында 35 градусқа дейін аяз болатынын хабарлаған еді.

https://www.youtube.com/watch?v=mSmm942x7k0

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version