Басты бет Жаңалықтар Қаңтардың соңғы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

Қаңтардың соңғы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

Қаңтардың 30-31-і күндері және ақпанның 1-інде қар жауып, боран соқпайды, бірақ аяз болады. "Қазгидромет" мамандары алдағы 3 тәуліктің ауа райына осындай болжам жасады. 

Фото: Mtmtv.info

Олардың мәліметінше, Орал тауынан ауған ауқымды суық антициклон Қазақстанда қар мен боранның басылуына себеп болды. Алдағы 3 күнде жауын-шашын түспейді, қаңтар айы үшін қалыпты аяз болады — солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде температура 25-30 градусқа, кей жерде 35 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 5-10, кей жерде 13-22 градус аязға дейін салқын болады. Ал батыс облыстарға жылы атмосфера фронттары ығыса бастайды да, жаңбыр, жылбысқы қар жауып, ауа температурасы күрт жоғарылайды, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version