«Алтын доп» жүлдесіне үміткер футболшылардың тізімі жарияланды

Басылым осы жылы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген еді. Нәтижесінде биылдан бастап үздік ойыншыны анықтау жаңа жүйеде өтеді. Жаңа жүйе болғанда, бұрынғы «France Football» басылымының ережесі бойынша анықталады. Яғни, «Алтын доп» иегерін анықтауға тек тілшілер ғана қатысатын болады. Сондай-ақ, биылдан бастап «Алтын допқа» үміткерлер саны 23-тен 30-ға артып отыр.

ФИФА-ның «Алтын добы» — жылдың қорытындысы бойынша үздік футболшыға тапсырылатын жүлде. Марапат 2010 жылы France Football версиясы бойынша анықталатын «Алтын доп» және «ФИФА-ның жыл ойыншысы» атты екі жүлденің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Содан бері жеңімпаз француз басылымы журна­лис­терінің, жаттықтырушылар мен ұлттық құрамалар капитандарының дауыс берулері жолымен анықталып келді.

Сонымен биылғы үміткерлер тізімі төмендегідей:

  1. Серхио Агуэро («Манчестер Сити»)
  2. Пьер-Эмерик Обамеянг («Боруссия» Дортмунд)
  3. Гарет Бэйл («Реал»)
  4. Джанлуиджи Буффон («Ювентус»)
  5. Криштиану Роналду («Реал»)
  6. Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»)
  7. Пауло Дибала («Ювентус»)
  8. Диего Годин («Атлетико»)
  9. Антуан Гризманн («Атлетико»)
  10. Гонсало Игуаин («Наполи»)
  11. Златан Ибрагимович («Манчестер Юнайтед»)
  12. Андрес Иньеста («Барселона»)
  13. Коке («Атлетико»)
  14. Тони Кроос («Реал»)
  15. Роберт Левандовски («Бавария»)
  16. Уго Льорис («Тоттенхэм»)
  17. Рияд Марез («Лестер»)
  18. Лионель Месси («Барселона»)
  19. Лука Модрич («Реал»)
  20. Томас Мюллер («Бавария»)
  21. Мануэль Нойер («Бавария»)
  22. Неймар («Барселона»)
  23. Димитри Пайет («Вест Хэм»)
  24. Пепе («Реал»)
  25. Поль Погба («Манчестер Юнайтед»)
  26. Руй Патрисиу («Спортинг»)
  27. Серхио Рамос («Реал»)
  28. Луис Суарес («Барселона»)
  29. Джейми Варди («Лестер»)
  30. Артуро Видаль («Бавария»)

Еске сала кетейік, «ФИФА-ның алтын добы» жүлдесін соңғы рет «Барселона» командасының шабуыл­шысы Лионель Месси жеңіп ал­ған еді. Ол бұл атаққа 2009-2012, 2015 жыл­дары бес рет ие болды. Үш марапатты Мадридтің «Реал» командасының фор­вар­ды Криштиану Роналду (2008, 2013, 2014), голландиялық шабуылшылар Йохана Кройфа (1971, 1973, 1974) пен Марко ван Бастена (1988, 1989, 1992), сон­дай-ақ, француздың жартылай қорғау­шысы Мишель Платини (1983-1985 ж.) алған.

ДереккөзMassaget.kz