Астанада алтын унитаздар сатылады

Элиталық бутик “СтройМарт” сауда үйінде ашылған. Ол жердегі бір унитаздың құны – 266 мың теңге. Унитаз 24 караттық алтынмен шапталған.

7ad911a804c8010bce9d6c4a4d87cf34

Дағдарысқа қарамастан, унитазға деген сұраныс өте жоғары екен. Сол себепті бутик қожайыны (қытайлық азамат) алтын ванналарды да әкеліп қойған. Оның бағасы – 555 мың теңге. Ол алтын пластиналардан құралған сұйық мәрмәрден жасалған. Одан бөлек дүкенде күміс, фарфордан жасалған әжетхана жабдықтары сатылады.

0f55bfeb134509416adeedc56c1157ec

Дереккөзexpress-k.kz