Алдағы 3 тәулікте елімізде ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанның көп облысындағы ауа райына: қар жауып, боран соғып, жолдарды қар басуына және ауа температурасының нормадан тыс жоғарылауына Атлантика циклондары әсер етті. Енді қаңтардың соңғы аптасында кезекті циклоннан кейін Қазақстанға антициклон келеді. Ол 29-30 қаңтар аралығында республиканың көп өңірінде жауын-шашын тоқтап, күн жылуына себеп болады.

Ауа температурасы қаңтар айына тән болады: солтүстікте, шығыста және орталықта түнде 20-30 градус аяз болады, бірақ ауа температурасының төмендеуі көпке созылмайды. Себебі Атлантиканың кезекті циклоны Ресейдің еуропалық бөлігіне ығысуға дайын, ал оның жылуы еліміздің батыс өңірлеріне келе бастайды, — деп хабарлады синоптиктер.