Басты бет Жаңалықтар Абу-Дабиде Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары басталды

Абу-Дабиде Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары басталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде хабарлады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-де. Фото: Берік Уәли

Оның мәліметінше, Қазақстан Президенті 27 қаңтарда Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид әл-Нахаянмен кездеседі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады.

Сонымен бірге сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

28 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид әл-Мактуммен және Дубай халықаралық қаржы орталығында (DIFC) жергілікті компаниялар басшыларымен кездеседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version